ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайбергеннің әндері испаниялық Radio Voz радио эфирінде шырқалды

Димаш Құдайбергеннің әндері испаниялық Radio Voz радио эфирінде шырқалды

Dimash World Димаш Құдайбергеннің әндері испаниялық Radio Voz радио эфирінде шырқалды

Димаш Құдайбергеннің әндері испаниялық Radio Voz радио эфирінде шырқалды

Өткен аптада Испаниядағы Radio Voz радиосының Un café con Eva радиобағдарламасында Димаш Құдайберген орындауындағы «Ave María» және «The Phantom of the Opera» композициялары шырқалды.

Димаш Құдайбергеннің әндері испаниялық Radio Voz радио эфирінде шырқалды

Эфир Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España / La Gran Voz Kazaja қауымдастығының қатысуымен өтті. Бұл ұйым қазақстандық өнерпаздың шығармашылығын Испанияда белсенді түрде насихаттап келеді. Бағдарламаның құрметті қонағы ретінде журналист әрі Димаштың жанкүйері Йоланда Гарсия келді.

Журналист Димаштың шығармашылығы әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандарға Қазақстан мәдениетін танып-білуге мүмкіндік беретінін атап өтті:

«Оның арқасында біз өзге елдер мен олардың мәдениетін де танып біліп жатырмыз, ал қазақ мәдениеті бізді ерекше тәнті етеді».

Димаш Құдайбергеннің әндері испаниялық Radio Voz радио эфирінде шырқалды

Тағы бір маңызды іс-шара — Испанияның La Voz de Asturias газетінде жарияланған сұхбат болды. Журналист Эстер Родригес Dears қауымдастығының өкілі Эстер Сота Эгисабальмен сұхбаттасып, Димаштың шығармашылық жолы, халықаралық жетістігі мен әлемдік жанкүйерлер аудиториясы жайында әңгіме дүкен құрды. Материалдың электронды нұсқасы 11 мамыр күні жарық көрді.

Сұхбат барысында Димаштың жанкүйері әншінің шығармашылығымен танысқаннан кейін Қазақстан мәдениетін, дәстүрі мен қазақ тілін тереңірек зерттей бастағанын айтты:

«Мен қазақтармен, ең болмаса қарапайым деңгейде болса да, сөйлесе алғым келеді. Ең бастысы — Димаштың әндерінің мағынасын әлдеқайда терең түсінгім келеді».

Жанкүйердің айтуынша, қазақ тілін меңгеруі оған Нью-Йорк пен Будапешт қалаларындағы концерттер кезінде сүйікті әртісімен сөйлесу мүмкіндігін берген екен.

Latest news

Slovak and Czech Dears Introduce Dimash’s Music at Silk Road Fest

Slovak and Czech fans of Dimash Qudaibergen took part in Silk Road Fest, a festival celebrating Turkic cultures in...

Young People in Mexico Discover Dimash’s Music Ahead of His Upcoming Concerts

In the Mexican city of Chihuahua, fans of Dimash Qudaibergen organized a special event titled “Dimash, the Voice That...

“Life Without Arms”: Artist Karipbek Kuyukov on His Journey, the Anti-Nuclear Movement and Meeting Dimash

Kazakhstan has launched “Reading Nation,” a nationwide campaign to encourage reading. On September 21, Dimash Qudaibergen announced on Instagram...

Chilean Cueca Dedicated to Kazakhstan Performed Ahead of Dimash’s Concert in Chile

Ahead of Dimash Qudaibergen’s first-ever concert in Chile, a special musical project bringing together the cultures of the two...

Dimash Fans Around the World Get Ready for the DiMENSIONS World Tour

With just over a month to go before the launch of Dimash Qudaibergen’s new DiMENSIONS World Tour, fans across...